Қазақстанда алдағы күндері тұман мен қатты жауын-шашын күтіледі
Жарияланған күні:
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. 13,14 және 15 қараша күндері кей өңірлерде тұман мен жауын-шашын, жел күтіледі. Синоптиктер өз болжамын "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.
13 қарашада Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с күтіледі.
Ал Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз тау асуларында екпіні 15-20 м/с құрайды.
Шымкентте 13 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.
14 қарашада Түркістан облысында күндіз басым бөлігінде жаңбыр, таулы аударында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал.
13 қарашада Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
13 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
13 қарашада Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.
14-15 қарашада Жамбыл облысында жауын-шашын болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Қостанай қаласында 13 қарашада жауын-шашын, күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996888-qazaqstanda-aldagy-kunderi-tuman-men-qatty-zauyn-sasyn-kutiledi/