Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде "Менің атаулы ағашым" акциясы басталды

Опубликовано:

Ақтөбе қаласы
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласындағы Есет батыр тұрғын алабындағы Д. Қонаев атындағы 60-шы мектепте алғаш рет «Менің атаулы ағашым» акциясы басталды. Оған Glauca Kaibab шырша көшеттерін сатып алып, демеушілік көрсеткен ата-аналар қатысты.

Іс-шараға Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров та келіп, балаларымен бірге ағаш отырғызды. Барлығы 13 сыныптың ата-аналары қатысты. Әрбір отырғызылған ағаш атаулы және оған отырғызған оқушының есімі жазылды. Мектепте тұрғын алаптың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген бастамашыл ата-аналар көп.

«Мұның бәрі ең алдымен балаларға арналған. Біз жоғарыда аталған ата-аналарға мектепке демеушілік көрсеткені және біздің барлық бастамаларымызды қолдағаны үшін алғыс айтамыз! Енді мектеп ауласы одан да әдемі әрі жайлы болатын болды», - деп мектеп директоры Абзал Тәжимишев қатысушыларға алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997120-aqtobede-menin-atauly-agasym-akciyasy-bastaldy/

pixel