Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл маусымдық фактор": Қуантыров жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы айтты

Жарияланған күні:

Азық-түлік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров министрлер кабинетінің кулуарында жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасының көтерілуіне қатысты сауалға пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қуантыров маусымдық факторды ескеру керегін айтты.

"Бұл маусымдық фактор. Оны елемеуге болмайды. Жазда инфляция маусымдық азық-түлік өнімдерінің, яғни көкөніс пен жемістер есебінен тұрақтанса, қазіргі таңда жаңа жыл қарсаңы факторын ескере отырып, біраз қысым байқалуы мүмкін, әсіресе желтоқсанда", - деді ол.

Бұл ретте министр қазақстандықтарды инфляция туралы дүрбелең тудырмауға шақырды.

"Біреуі екіншісімен қабаттасады, бұл фактор экономикалық сипатқа ие емес. Адамдар өздері болжам жасап, инфляцияға қосымша әсер етеді, бұл мінез-құлық экономикасы деп аталады", - деп түсіндірді ҰЭМ басшысы.

Еске сала кетсек, қазан айында елдегі инфляция 18,8 пайызға жеткен. Бір жыл ішінде азық-түлік тауарлары орташа есеппен 23,1 пайызға, азық-түлік емес тауарлар – 17,9 пайызға, ақылы қызметтер – 13,5 пайызға қымбаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997252-bul-mausymdyq-faktor-quantyrov-zana-zyl-qarsanynda-azyq-tulik-bagasynyn-qymbattauy-turaly-aitty/