Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

60-тан аса діни кітапты Қазақстанға кіргізбек болған жолаушы айыппұл арқалады

Жарияланған күні:

діни мазмұндағы кітаптар
Діни мазмұндағы кітаптар. Фото: Instagram/koliktegi_pd

Стамбұлдан Шымкентке ұшып келген жолаушыдан діни мазмұндағы 63 кітап тәркіленді. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Шымкент қаласының әуежайында Стамбұл-Шымкент бағытында ұшып келген рейс жолаушыларының жүктерін тексеру барысында Түркістан облысының 55 жастағы тұрғынынан діни мазмұндағы 63 кітап табылып, тәркіленген.

"Шымкент станциясындағы көлік полицейлері ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы (Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға белгіленген талаптарды бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолдады", - делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (153 150 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997536-60-tan-asa-dini-kitapty-qazaqstanga-kirgizbek-bolgan-zolausy-aiyppul-arqalady/