Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алдағы күннен үмітім жоқ": Шымкентте 74 жастағы кейуана туған қызымен пәтер үшін соттасып жатыр

Жарияланған күні:

Саламат Рахманқызы
Саламат Рахманқызы. Фото: "Ел" бағдарламасы

74 жастағы Саламат Рахманқызы Шымкенттегі "Көмек" дағдарыс орталығында бір жылдан бері тұрып жатыр. Бес баланы өмірге әкелген кейуана қазір жалғыз ұлынан да, қыздарынан да қызық көрмей, жалғыз өмір сүруде, деп хабарлайды "Ел" ток-шоуына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Саламат Рахманқызы төрт қыз бен бір ұлды өмірге әкелген. Бесінші баласын босанған соң жолдасы дүниеден озып, 31 жасында жесір қалған.

"Осы бес баланы жетілдіріп, адам қатарына қосу үшін тынымсыз еңбек еттім. Қалалық көз институтында 40 жылдай жұмыс істеппін. Оған қосымша екі-үш жұмысты алып жүрдім. Санитарка болған кездерім де көп. Бірақ уақыт өте келе осындай жағдайға тап болдым. Жалғыз ұлымның қолында тұрдым. Алайда олар жас әрі келінімме жеккөрінішті болмау үшін үйден кетіп қалдым. Себебі келінім баламның көзінше басқа, менің көзімше басқа. Нанға май жағып жегенім үшін сөйлейді маған. Сол үшін араларына түскім келмей, кетіп қалдым", - дейді кейуана.

Саламат ана өз үйін сатып, ақшасын балаларына бөліп берген. Ал кейін марқұм болған қызы Мадинаның бір бөлмелі пәтерінде тұрмақ болады. Кейуананың айтуынша, қызының қазасынан соң күйзелісте жүргенде үлкен қызы Инабат үйді өз атына аударып алған.

"Үлкен қызым Ташкентте тұрған. Сол жақта тұрмысқа шығып, кейін елге келді. Ал қайтыс болған қызым Мадинаға Шымкенттегі пәтерді екі кіші қызым алып берді. Инабаттың бұл пәтерге бір тиын еңбегі сіңген жоқ. Менің қиналып жүргенімді пайдаланып, үйді өз атына аударып алған. Қазір дағдарыс орталығында тұрамын. Көшеде жүрген кезімде жұмыстас келіншек көріп қалып, үйіне біраз қондырды. Екі кіші қызым қасына алғысы келеді. Бірақ оған масыл болғанды қаламаймын. Өздерінің де жағдайы жоқ" - деді Саламат Рахманқызы.

Кейуананың заңгері қазір сот өтіп жатқанын, ал пәтерді өз атына аударған үлкен қызы Инабат бірде бір отырысқа келмегенін айтты.

Ал Саламат ана бұл істі ең соңына дейін жеткізіп, қызынан пәтерді қалайда қайтарып алуға ниетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997685-aldagy-kunnen-umitim-zoq-symkentte-74-zastagy-bes-balaly-ana-tugan-qyzymen-pater-usin-sottasyp-zatyr/