Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тлепбаев Ербол: Біз еліміздің бай-қуатты болғанын қалаймыз

Опубликовано:

Тлепбаев Ербол мен Тлепбаев Нұрбол сайлау учаскесінде
Тлепбаев Ербол мен Тлепбаев Нұрбол сайлау учаскесінде. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Мемлекет президентін сайлау – халықтың ертеңіне, болашағына деген сенімін арттыру. Таразда Ринат Рано, Ринат Милана және Тлепбаев Ербол, Тлепбаев Нұрбол атты егіздер алғаш рет дауыс берді.

Егіздер сайлауға алғашқылардың бірі болып келді.

Тлепбаев Ербол мен Тлепбаев Нұрбол сайлау учаскесінде
Тлепбаев Ербол мен Тлепбаев Нұрбол сайлау учаскесінде. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

"Бүгінде елімізде барлығы 6 485 507 замандасым ғұмыр кешуде деген ақпаратты жуырда естідім. Олардың 4 500-ге жуығы егіздер екенін білгенімде тіпті қуанышым қойныма сыймады. Себебі менің де егіз сыңарым бар.​

Мұны Алланың ата-анаға берген сыйы деп білемін. Әрине, бұл жерде медицина мамандарының да еңбегі ерен. Денсаулық саласының дамуына мол мүмкіндік жасаған мемлекеттің қамқорлығын да жоққа шығаруға болмайды.

Кандидаттардың ешқайсысы да осал емес. Барлығы да тәжірибесі толысқан, мемлекеттік қызметте ысылған азаматтар. Сондықтан құқығы бар әрбір отандасымыз сайлауға келіп, өз таңдауын жасағандары абзал. Бұл еліміздің ертеңі үшін маңызды.

Біз еліміздің бай-қуатты​ болғанын қалаймыз. Сондықтан еліміз үшін алдағы сайлаудың маңызы зор. Біз өз Отанымыздың келешегі кемел болуы үшін дауыс бердік. Өз таңдауымызды жасау үшін сайлауға алғашқылардың бірі болып бардық. Замандастарымды да саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамын", - деді Ербол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998008-tlepbaev-erbol-biz-elimizdin-bai-quatty-bolganyn-qalaimyz/

pixel