Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 миллионның алтынын ұрлаған: Шымкентте пәтер ұрысы ұсталды

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкенттің тәртіп сақшылары пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады. Оған алтын мен ақша ұрлады деген айып тағылды. Ол жәбірленушілерге 30 млн теңгеге жуық шығын келтірген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, Шымкентте пәтер ұрлығының 15 дерегіне қатысы бар күдікті құрықталды.

Абай аудандық Полиция басқармасына шілде-қараша айлары аралығында жеке тұрғын үйде тұратын оннан астам азамат арызданған. Жергілікті тұрғындар өздері үйде жоқ кезде белгісіз тұлға үйдің терезесі арқылы ішке кіріп, ақша мен алтын бұйымдарын жымқырып кеткен.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 30 млн теңгеге жуықтайды.

Аталған арыздарды полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

"Күдіктінің жеке басын анықтау және оны ұстау үшін жедел қызметкерлерге бірнеше ай қажет болды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары барлық пәтер ұрлығына бір адамның қатысы бар деген күдікпен бұған дейін дәл осындай қылмысы үшін сотты болған жас жігітті анықтады.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде ұстады. Полицейлер күдіктіні Полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі таңда оның бөтеннің мүлкін ұрлаудың 15 жайтына қатысы бар екендігі дәлелденді", — деді полиция өкілдері.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ол ұрланған алтын зергерлік бұйымдарды қала базарларына өткізіп, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны анықталды. Сот күдіктіні қамауға алуға рұқсат берді.

Тәртіп сақшылары күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000259-30-millionnyn-altynyn-urlagan-symkentte-pater-urysy-ustaldy/