"Балалар Евровидениесі-2022": Қазақстанның нешінші орын алғаны белгілі болды (фото, видео)
Жарияланған күні:
12 жастағы қазақстандық Давид Чарлин Ереванда өткен "Балалар Евровидениесі" байқауында соңғы орынның біріне ие болды. Байқау қорытындысы "Балалар Евровидениесінің" ресми Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазылар алқасы мен байқау көрермендерінің дауыс беру қорытындысы бойынша "Жер-Ана" әнін орындаған қазақстандық Давид Чарлин 47 балл жинап, 15-орын алды.
Айта кетейік, байқауға 16 елден өнерпаз қатысты. Ән жарысындағы соңғы орынды Мальта өкілі иеленді.
Ал биылғы байқаудың бас жүлдесін франциялық жас таланат Лиссандро жеңіп алды. Ол Oh Maman! әнін орындап, 203 ұпай жинады. Екінші орынды 180 ұпаймен Армения елінің қатысушысы Наре иеленсе, 161 ұпай жинаған грузиялық өнерпаз Мариам Бигваваға үшінші орын бұйырды.
Еске салайық, Қазақстан 2018 жылдан бері Junior Eurovision-ға қатысып келеді. Сол жылы Данэлия Төлешова алғаш рет Қазақстан атынан байқауға қатысып, "Өзіңе сен" әнімен алтыншы орын алған еді.
2019 жылы "Арманыңнан қалма" әнімен Ержан Максим байқауда екінші орынды иеленді.
2020 жылы пандемияға байланысты "Балалар Евровидениесі" қашықтан өткізіліп, барлық әндер жазбаша ұсынылған болатын. Қазақстан атынан байқауға Қарақат Башанова Forever әнімен қатысып, 13 қатысушының ішінде екінші болды.
Былтыр Қазақстан байқауға Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлының дуэтін ұсынды. Дауыс беру қорытындысы бойынша олар 8 орын алды.
Давид Чарлиннің биылғы байқауда өнер көрсеткен сәті.
Байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған франциялық Лиссандроның өнер көрсеткен сәті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001063-balalar-evrovideniesi-2022-qazaqstannyn-nesinsi-oryn-algany-belgili-boldy-video/