Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Республикалық "Ел бірлігі" тик-ток хаус жобасында қызылордалық ассамблея жастары бірінші орын алды

Жарияланған күні:

марапат
Фото: gov.kz

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен "Ел бірлігі" тик-ток хаус жобасында Қызылорда облысының "Ассамблея жастары" ұйымының мүшелері, белсенді тик-токерлер жеңімпаз атанды.

Айта кету керек, биылғы жылдың 21 қарашасында Астана қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен "Ел бірлігі: ТikTok house" жобасы бастау алды. "Қоғамдық келісім" РММ бастамасымен қолға алынған аталған жоба осы жылдың 18 желтоқсанына дейін жалғасады.

жастар
Фото: gov.kz

"TikTok house" жобасының мақсаты – жалпымәдени және жалпытарихи құндылықтарды, мәдениетаралық диалогты дамытуға, қазақстандық этностарды "бірлігіміз әралуандықта" қағидаты бойынша біртұтас ұлтқа интеграциялауға, оның ішінде қазақ тілін үйрену және елдің қоғамдық дамуының 100 өзекті тақырыбы бойынша бейнеконтент жасауға бағытталған бірегей алаң құру.

Яғни, "TikTok house" – бұл блогерлер ортақ мазмұнды қысқа бейнероликтер түсіретін және оларды #qogam_life ортақ хэштегі бойынша tiktok беттеріне орналастыратын арнайы алаң.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001315-respublikalyq-el-birligi-tik-tok-xaus-zobasynda-qyzylordalyq-assambleya-zastary-birinsi-oryn-aldy/