Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордалық кәсіпорындар үздіктер қатарынан көрінді

Жарияланған күні:

марапаттау
Фото: gov.kz

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен "Алтын сапа" және "Парыз" республикалық конкурсы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Президент келесі жылдан бастап "Парыз" байқауының жеңімпаздарын анықтау кезінде қосымша талаптар болатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға үлес қосу. Бұл – мемлекетіміз бен бизнестің азаматтарымыз алдындағы ортақ борышы.

Биыл байқауға Қызылорда облысы бойынша 33 кәсіпорын өтінім берді. Конкурс нәтижесінде "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" номинациясымен қызылордалық "Жаңажол" ЖШС марапатталды.

Орынбасар Төлепов басшылық ететін кәсіпорынның негізгі бағыттары - күріш өсіру және ішінара мал шаруашылығы. Соңғы 20 жылдан бері күріштің өнімділігі тұрақты болып, облыс та алдыңғы қатардағы шаруашылықтардың біріне айналды. Бүгінде шаруашылықта 400-ден астам маман жұмыспен қамтылған.

марапаттау
Фото: gov.kz

Ал, "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын" номинациясы бойынша "Торғай-Петролеум" АҚ лауреат атанды. Облыс экономикасына елеулі үлес қосып, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, еңбек жағдайын жақсартуда орнықты жұмыстармен алдыңғы қатардан көрінуде.

Шикі мұнай мен ілеспе газды өндірумен айналысатын кәсіпорында 458 адам жұмыс жасайды. Елорда төріндегі салтанатты шарада компанияның Бас директоры Қайрат Арынғазиевке табыстады.

марапаттау
Фото: gov.kz

Тағы бір қызылордалық кәсіпорын "Экологияға қосқан үлесі үшін" номинациясын иеленді. "Номад Солар" ЖШС марапат мінберінен көрінді. Бұл кәсіпорын жаңартылатын көздерден электр энергиясын өндірумен айналысады. Қуаттылығы 28 МВт күн электр станциясы облыстағы ең ірі станциялардың бірі. Кәсіпорын басшысы Плезан Пьерр Елорда төрінде марапат мінберінен көрінді.

Айта кетейік, республикалық конкурсқа Қызылорда өңірінің кәсіпорындары 2008 жылдан бері белсенді түрді қатысып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001331-qyzylordalyq-kasiporyndar-uzdikter-qatarynan-korindi/