Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар бүгін кешке ең жарық жұлдызды түннің куәгері бола алады

Жарияланған күні:

Жұлдызды түн
Жұлдызды түн. Көрнекі фото: Рixabay.com

Түнгі аспан адамзатты қызықты құбылыстарымен қуантады. Астрономиялық аспаптар мен жаңалықтардан алыс қарапайым тұрғындардың өзі бүгін жұлдызды түнді тамашалай алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл жыл соңына дейін аспан әлемі екі метеориттік жауынмен безендірілмек.

Геминид метеорлық жауыны — бұл метеорлық белсенділік бойынша рекордсмен, өйткені бұл нөсер бірнеше рет сағатына 200 метеорға дейін жауған.

2022 жылы Геминид нөсері 14 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де белсенді болады деп күтілуде. Осы уақытта Егіздер шоқжұлдызының өзі, Геминид метеорлары ұшатын жерден тек аспанға көтеріледі, бірақ бір сағаттан кейін түнгі аспан әлемінде жарқыраған шоқжұлдыздар көк жүзін бақылаушылардың алдында жарқырап ашылады.

Астрономдар Геминидтің "аққан жұлдыздарының" жарық болатыны сонша, оны тіпті ұялы телефон камерасына түсіруге болатынын да айтады. Ай бұл түні шамамен сағат 23.00-де көтеріледі, сондықтан ауа-райы қолайлы болса, метеорлық нөсерді көргісі келгендер аспан әлемін үш сағат бойына тамашалай алады.

Бір ескеретіні, мұндай ерекше табиғат құбылысын қалалық шамдардың жарығы жоқ жерде тамашалаған дұрыс.

Желтоқсандағы екінші метеорлық нөсер — Урсидтерге тиесілі. Бұл нөсер аса танымал болмаса да, бірақ оның сәулеленуі (метеорлардың көзден ұшатын нүктесі) біздің жарты шарда ешқашан көкжиектен төмен түспейтін Кішіқарақшы шоқжұлдызында орналасқан. Мұнда қазақстандықтардың жағдайы бұрын-соңды Урсидтерді көрмеген планетаның оңтүстік бөлігінің тұрғындарына қарағанда жақсырақ.

Биыл Урсидтердің жарқырауы жылдың ең ұзақ түнінде, яғни 22 желтоқсанда таңғы сағат 4:00 шамасында шыңына жетеді. Бұл уақытта ай болмайды, бұл бақылаушыларға жұлдызды жаңбыр түнін бар көркімен көруге мүмкіндік бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001558-qazaqstandyqtar-bugin-keske-en-zaryq-zuldyzdy-tunnin-kuageri-bola-alady/