Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Боранды күн
Боранды күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың болжамынша, 22 желтоқсанда Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстік-шығысында 15-20, кейде 25 м/с-қа дейін жетеді.

22 желтоқсанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, 22 желтоқсанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және Орал қаласында тұман күтіледі.

22 желтоқсан Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында да тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Сондай-ақ өңірде солтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

22 желтоқсанда Алматы қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. 22 желтоқсанда Қонаев қаласында да кей уақытта көктайғақ күтіледі.

22 желтоқсанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын болуы ықтимал. Сонымен қатар өңірде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

22 желтоқсанда түнде Қарағанды қаласында да бұрқасын болып, жел соғуы ықтимал. Түнде желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

22 желтоқсанда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Одан бөлек батыстан жел соғып, күші түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, 25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

22 желтоқсанда түнде Павлодар қаласында да бұрқасын күтіледі. Сонымен бірге батыстан жел соғып, түнде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

22 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қалың қар жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында, түнде облыстың таулы аудандарында бұрқасын күтіледі. Сондай-ақ өңірде жел тұрып, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, түнде 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

22 желтоқсанда Өскемен қаласында да түнде бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні түнде 15-20 м/с.

22 желтоқсанда Абай облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Желдің күші түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде 25 м/с-қа дейін, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін, Семейде түнде 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

22 желтоқсанда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Желдің күші облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002517-aua-raiyna-bailanysty-qazaqstannyn-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel