Қар, бұрқасын, көктайғақ: синоптиктер бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Опубликовано:

Синоптиктер жұма, 23 желтоқсанда Қазақстанның ірі қалалары мен ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астанада қар жаууы мүмкін, күн ала бұлтты болады. Күндіз термометр көрсеткіштері -9…-11 градус аязды көрсетеді. Сонымен бірге қала тұрғындарына күндіз жел 9-14 м/с-қа дейін, кей жерлерде 5-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін екені ескертіліп отыр.
Алматыда да бүгін күн ала бұлтты болады деп күтілуде, күндіз термемотр көрсеткіштері -4..-6 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте күндіз сынап бағанасы +1...+3 градусты көрсетеді, жауын-шашын күтілмейді, дегенмен күн ала бұлтты болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с.
Сонымен қатар метереологтардың мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Түнде шығыстың таулы аудандарында қалың қар жаууы ықтимал.
Десе де, еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ал республикамыздың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, батыста, оңтүстік-шығыста - көктайғақ, Қазақстанның солтүстігінде, батыс және оңтүстігінде жел күшейіп, бұрқасын күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2002710-qar-burqasyn-koktaigaq-sinoptikter-bugingi-kunge-arnalgan-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/