Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдан Асы үстіртіне қарай 7 адам болып жолға шыққан отбасы жоғалып кетті

Опубликовано:

Аяз
Аяз. Көрнекі фото: Рixabay.com

Алматы облысында 7 адамнан тұратын отбасы іздестірілуде. Олар 2 қаңтар күні Асы үстіртіне қарай жолға шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД мәліметінше, 2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 08:00-де Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімінің пультіне хабарлама келіп түскен.

Хабарламада Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасының (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғылып кеткені айтылған.

Олар 2023 жылдың 2 қаңтарында екі көлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай жолға шығып, үйлеріне қайта оралмаған.

Қазіргі таңда жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарына Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Сондай-ақ іздестіру жұмысы кезінде дрон, қар мен батпақта жүретін арнайы көлік те қолданылуда.

Сағат 17:00-де іздестіру аймағына Республикалық жедел-құтқару жасағының екінші тобы аттанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003996-almaty-oblysynda-7-adam-bolyp-zolga-syqqan-otbasy-zogalyp-ketti/

pixel