Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан "ашық аспан" режимін бес жылға ұзартты

Опубликовано:

Алматы халықаралық әуежайы
Алматы халықаралық әуежайы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда "Ашық аспан" режимі бес жылға, яғни 2027 жылға дейін ұзартылды. Бұл рейстер санына қатысты барлық шектеуді алып тастауды білдіреді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінен хабарлады.

"Ашық аспан" режимін еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұзартты.

Бұл режимде рейстер санына қатысты барлық шектеуді алып тастау және қазақстандық әуе компаниялары жұмыс істемейтін бағыттар бойынша шетелдік әуе компанияларына бесінші дәрежелі "әуе еркіндігін" беру көзделгені атап өтілді.

"Ашық аспан" режимі Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Семей, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Көкшетау және Түркістан қалаларындағы 12 халықаралық әуежайда жұмыс істеді. Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлескен жұмыс нәтижесінде бұл режим өңірді дамыту мақсатында Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайға да енгізілді", – деді Азаматтық авиация комитетінен.

Сонымен қатар, "ашық аспан" режимі жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, әуе тасымалдаушылары арасындағы бәсекелестікті дамытуға, халықаралық бағыттарды ашуға, әуе билеттерінің құнын төмендетуге, туризмді дамытуға және Қазақстан қалаларының көлік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді деп толықтырды ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004404-qazaqstan-asyq-aspan-rezimin-bes-zylga-uzartty/

pixel