Шымкентте белгісіз біреулер ер адамның үйіне кіріп, оны ұрып өлтірді
Жарияланған күні:
Шымкентте белгісіз біреулер ер адамның үйіне кіріп, оны әйелімен бірге соққыға жыққан. Алған жарақат салдарынан 42 жастағы азамат оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды "Отырар" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылым мәліметінше, 7 қаңтар күні түнде ер адам шылым алу үшін дүкенге барған. Ал үйіне кері қайтқан сәтте оның соңынан екі белгісіз адам аңдып, кейін пәтеріне кірген.
Белгісіз біреулер ер адам мен әйелін ұрып, ақша мен ұялы телефондарын талап еткен.
Марқұмның әйелінің айтуынша, белгісіз азаматтардың бірінің сырт келбеті - азиаттық, екіншісі - славян келбетті болған. Олар оқиға орнынан жалдамалы көлікке мініп қашқан.
Басылым мәліметінше, ер адам жедел жәрдем келгенше, оқиға орнында қаза тапқан. Ал әйел куәлік алу үшін Еңбекші аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.
Әйелдің айтуынша, олар пәтерді жақында сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Күйеуі вахталық әдіспен жұмыс істеген, ешқандай жауы болмаған.
Басылым мәліметінше, қазір күдікті азаматтарды іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004528-symkentte-belgisiz-bireuler-er-adamnyn-uiine-kirip-ony-uryp-oltirdi/