Ақтөбеде қатты аязда жылусыз қалған үйлер жылу жүйесіне қайта қосылды
Жарияланған күні:
Ақтөбедегі бірқатар көпқабатты үйлердің тұрғындары көшеде аяз болып тұрған кезде пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып шағымданған болатын. Қабылданған жедел тиісті шаралардан кейін барлық үйлерге жылу толық көлемде берілді, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми Telegram арнасы.
"Үстіміздегі жылдың 7 қаңтарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап, Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы мен М.Оспанов көшесінде орналасқан бірқатар көппәтерлі тұрғын үйлерде уақытша шектеулер енгізілді.
Қабылданған жедел тиісті шаралардан кейін барлық үйлерге жылу лезде толық көлемде берілді", - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Сонымен қатар Ақтөбе облысының әкімдігі жылу желілері штаттық режімде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
"Жылу, электр, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау сияқты негізгі көздер, сондай-ақ Ақтөбе қаласының жылу желілері штаттық режімде жұмыс істеуде және жағдай жергілікті мемлекеттік органдарының тұрақты бақылауында болады", - деп хабарлады облыстық әкімдік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004549-aqtobede-qatty-ayazda-zylusyz-qalgan-uiler-zylu-zuiesine-qaita-qosyldy/