Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметінен босатылды
Жарияланған күні:
Үкімет қаулысымен Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Әділет вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.
Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Джордж Вашингтон университеті жанындағы Заң мектебін (АҚШ) тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы "Жастар таңдауы" ҚҚ заңгер болып бастаған.
2009-2010 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2010 жылғы қазан айынан бастап Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.
2019 жылдың наурыз айынан бастап Әділет вице-министрі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004597-almat-madaliev-adilet-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/