Қазақстандықтардың 96 пайызы зейнетақы қорындағы артылған соманы тіс емдеуге жұмсаған
Жарияланған күні:
БЖЗҚ 2022 жылы зейнетақы қорынан мерзімінен бұрын алынған қаржының 90 пайызын қазақстандықтар тіс емдеуге жұмсағанын мәлімдеді. Бұдан бөлек ел тұрғындарын офтальмологтар қызметі қызықтырған. Бұл туралы КТК телеарнасының сайты хабарлайды.
Телеарнаның хабарлауынша, ипотеканы жабу мен баспана алуға байланысты орын алған дүрбелең тек 2021 жылдың соңында басылған. Осылайша тұрғындар зейнетақы қорындағы артылған қаржыны емге жұмсай бастаған.
Мәселен, былтырғы жылы зейнетақы қорындағы қаржыны медициналық қызметке жұмсау көлемі шамамен екі есеге ұлғайған.
Сонымен қатар телеарна тілшілері 2022 жылы салымшылардың арнайы шоттарына 192 миллиард теңгеден астам қаржы аударылғанын айтады. Яғни, зейнетақы қорындағы қаржы есебінен өз денсаулығын жақсартқан Қазақстан азаматтарының саны 262 мыңды құраған. Төлемдердің орташа сомасы 700 мың теңге болған.
"2022 жылы емге жұмсалған қаржы шамамен екі есе көп болды. Өтінімдердің 90 пайыздан астамы стоматологиялық қызметтерге, 3 пайызы - офтальмологиялық қызметтерге тиесілі болды. Адамдар өз денсаулықтарын күтіп, аталған мүмкіндікті пайдалана алды. Әсіресе бүгінде, аталған қызметтер арзан емес екендігін ескерген қажет", – дейді "БЖЗҚ" АҚ Астанадағы филиалының директоры Мұрат Шәріпов.
Дереккөз: КТК
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004727-qazaqstandyqtardyn-96-paiyzy-zeinetaqy-qoryndagy-artylgan-somany-tis-emdeuge-zumsagan/