Үкімет елде инфляция деңгейі наурызда төмендейді деп болжап отыр
Жарияланған күні:
Премьер-министр Әлихан Смайылов Сауда министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Қазақстанда инфляцияның төмендеуі қай кезде болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әлихан Смайылов өткен жылы базалық мөлшерлеме бірнеше рет көтерілгенін еске салды. Ол бұл шараны дұрыс деп атады.
"Бірақ қазір инфляция қарқынының төмендеуін күтетін факторлар болған кезде және біз наурыз айында инфляцияның төмендеуі болады деп ойлаймыз, өйткені былтыр наурызда біз базаның өсуін көрдік. Осы сәттен бастап бизнес үшін несиелерді қолжетімді ету үшін базалық мөлшерлемені төмендету қажет болады", – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросы өкілдерінің хабарлауынша, Қазақстанда 2022 жылғы желтоқсандағы инфляция жылдық негізде 20,3 пайызды құрады.
Азық-түлік тауарларының бағасы 25,3 пайызға, ал азық-түлік емес тауарлар 19,4 пайызға, ақылы қызметтер 14,1 пайызға өсті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005008-ukimet-elde-inflyaciya-dengeii-nauryzda-tomendeidi-dep-bolzap-otyr/