Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру қашан басталатыны белгілі болды

Жарияланған күні:

автокөлік
Автокөлік. Көрнекі фото: Рixabay.com

Үкімет Қазақстан аумағына әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру ережесін бекітті. Бұл туралы ІІМ өкілдері ОКҚ брифингінде хабарлады, сонымен қатар, олар заңдастыру басталатын күнді де атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифинг барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха үкімет 11 қаңтарда "Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудың қағидаларын, шарттары мен мерзімдерін бекіту және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды өндірушілердің (импорттаушылардың), сондай-ақ көлік құралдары санаттарының кеңейтілген міндеттемелерінен босату туралы" қаулыға қол қойғанын хабарлады.

Бұл құжат Қазақстан аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолданудың және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды утилизациялық алым төлеуден босатудың тәртібін, шарттары мен мерзімдерін айқындайды.

Игорь Лепеханың сөзінше, автокөліктерді бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін 200 000 теңге мөлшерінде бір реттік төлем жасалады. Ол үшін көлік:

  • елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі керек;
  • іздеуде болмауы тиіс;
  • басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы керек;
  • кедендік тексерістен өтуі қажет.

Шетелдік автомобильдерді бастапқы тіркеудің бұл тәртібі 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болады және М1, M1G, M2, M2G, N1, N1G санаттарындағы, оның ішінде рулі оң жақта орналасқан көлік құралдарына қатысты болмақ.

Игорь Лепеха хабарлағандай, бір күн бұрын бекітілген ережелер алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Яғни ережелердің бүгін жарияланғанын ескере отырып, ІІМ өкілі атап өткендей, олар 2023 жылдың 23 қаңтарында (дүйсенбі күні) күшіне енеді және сол күннен бастап шетелдік көліктерді заңдастыру басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005106-qazaqstanda-seteldik-avtokolikter-qasan-zandastyrylatyny-belgili-boldy/