Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Непалда апатқа ұшыраған ұшақтағы ресейліктің бірі Қазақстанда тұрған

Жарияланған күні:

Елена Бандуро
Елена Бандуро. Фото: instagram.com/snilosmne_2.0

Непалда апатқа ұшыраған ұшақтың бортында соңғы кездері Қазақстанда тұрып, жұмыс істеген ресейлік әйел болған. Әйел азаматтық некедегі күйеуіне бара жатқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ KP.RU-ға сілтеме жасап.

Ұшақта төрт ресейлік болған, олардың бірі - Мәскеу тұрғыны Елена Бандуро. 33 жастағы ресейлік әйел SMM маманы болып жұмыс істеп, саяхат жайлы блог жүргізген. Марқұмның әпкесі басылымға оның соңғы бірнеше айдан бері Қазақстанда тұрғанын айтқан.

Ресейлік келіншек азаматтық некедегі күйеуімен кездесу үшін Непалға бара жатқан. Басылымның мәліметінше, әйел жүкті болған.

"Лена шынымен Непалға сапар шегуді жоспарлаған еді. Ол күйеуі Максимге бара жатқан болатын, Ленаның аяғы ауыр еді. Өткен аптада Лена жақындарымен осы қуанышты хабарды бөлісті. Ол УДЗ жасатқан кезде баланың қол-аяғын, бейнесін көрдік. Ішіндегі сәби қыз бала еді", – дейді Еленаның әпкесі.

Ұшақ апатының алдында әйел туысқанына жақын арада Катмандудан Покхара қаласына ұшатынын айтқан. Ол сонымен қатар ұшақ салонынан бірнеше фотосурет жіберген. Содан кейін Еленамен байланыс үзілді, біраз уақыттан кейін оның жұбайы қайғылы оқиға болғанын растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005480-nepalda-apatqa-usyragan-usaqtagy-reseiliktin-biri-qazaqstanda-turgan/