СІМ қазақстандықтарды Азиядағы еңбек құлдығына қалай азғыратынын айтты
Жарияланған күні:
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте екі қазақстандықтың Таиландта құлдыққа қалай түскенін айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Айбек Смадияров 2022 жылдың маусым айының соңынан бастап қазақстандықтардың Оңтүстік-Шығыс Азияның "Алтын үшбұрышы" – Мьянма, Лаос және Таиланд аумағында еңбек құлдығында болу жағдайлары жиілеп кеткенін мәлімдеді.
"Алдын ала сөз байласу бойынша халықаралық қылмыстық топтар үшінші тұлғалар және әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан азаматтарын Таиланд аумағындағы компанияға жұмысқа шақырады. Әр түрлі сылтаулармен келгеннен кейін көп ұзамай біздің азаматтар Мьянма аумағына алаяқтық жолмен шығарылады, олар өздерін криптовалюта компаниялары ретінде көрсетеді.
Олар өздерінің (қазақстандықтар – ред) алданғанын түсінгеннен кейін отанына оралуға ниет білдірген кезде азаматтардан көлік шығындарын, шекарадан өту ақысын, визаны, өмір сүру және т.б. шығындарды өтеу үшін 5-10 мың доллар шығындарды өтеуді талап етіп, ұстап қалады. Жәбірленушілердің қажетті сомасы болмағандықтан, олар Мьянма аумағындағы жерасты Қытай компанияларында жұмыс істеуді жалғастыруға мәжбүр болады", – деп қосты ол.
Оның айтуынша, көп жағдайда жәбірленушілер Еуропа немесе Америка азаматтарының қаражатын иемдену үшін қаржылық алаяқтық арқылы аудармашы немесе клиенттері бар жұмысшылар ретінде жалданады. Ал жұмыс істеуден бас тартқандар басқа қылмыстық компанияларға 5-7 мың долларға сатылады.
Сонымен қатар, Смадияров оларға физикалық, психологиялық зорлық-зомбылық, сондай-ақ тамақ беруді шектеу және т.б. шаралар қолданылатынын атап өтті.
"Қазақстан азаматтарының мәселелерін шешу мақсатында Таиландтағы және Вьетнамдағы елшілігіміз Таиландтың, Лаостың және Мьянманың құқық қорғау органдарымен және сыртқы саяси ведомстволарымен тұрақты байланыста. Сондай-ақ, бұл процеске Таиландтағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдар қосылған.
Жаңа жыл алдында бізге көмек көрсету туралы жүгінген бұл екі азамат бір аптаға жуық уақыт бойы бізден олардың мәліметтерін жарияламауды және мәлімет бермеуді сұрады. Бірақ өздеріңіз білетіндей, туыстары қатты уайымдап, БАҚ-қа жүгіне бастады, сондықтан біз де бұл мәселені жариялауды шештік.
Біздің мәліметтеріміз бойынша осы екеуінен басқа, біздің басқа азаматтарымыз да бар, бірақ бұл расталмаған ақпарат. Оны тексеру өте қиын", – деді СІМ ресми өкілі.
Ол осы аймақтағы азаматтарымызға Қазақстанның жаңалықтарын оқып немесе көріп қалса, орналасқан жерін жасырмауға, олармен не болып жатқанын және оларға қалай көмектесуге болатынын міндетті түрде хабарлауға кеңес берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005559-sim-qazaqstandyqtardy-aziyadagy-enbek-quldygyna-qalai-azgyratynyn-aitty/