Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірім табылды

Опубликовано:

жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

Абай облысының полиция қызметкерлері Семей қаласында жоғалып кеткен жасөспірімді тауып, анасына тапсырды, деп хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы Polisia.kz ресми жаңалықтар арнасы.

Ведомствоның мәліметінше, 17 қаңтарда 102 жедел арнасына 39 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 13 жастағы ұлын іздеуге көмек сұраған.

Оның айтуынша, баласы үйден сағат 07:40-та мектепке қарай шығып, алайда мектепке бармаған, сондай-ақ үйіне де оралмаған.

Жасөспірімнің жоғалуы туралы хабарламадан кейін дабыл сигналы бойынша Абай облысы полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің барлық жеке құрамы көтерілген.

Тәртіп сақшылары куәгерлерден жауап алып, іргелес аумақтарды мұқият зерттеген. Сондай-ақ аумаққа бөлініп, әр аулаға тінту жүргізген.

Іздеу барысында полиция қызметкерлерінің бірі жоғалған баланы Мичурин көшесінен тауып, оны аман-есен анасына тапсырған.

Қазіргі таңда жасөспірімнің үйінен кету себебі анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005715-semeide-zogalyp-ketken-13-zastagy-zasospirim-tabyldy/

pixel