Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрік компаниясы Көкшетауда жылу электр станциясын салуды жоспарлауда

Жарияланған күні:

ЖЭО
ЖЭО. Көрнекі фото: Pixabay.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Түркияның "Гап Иншаат" компаниясы бас директорының міндетін атқарушы Ченгель Азиз Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты.

Кездесу барысында Ченгель Азиз компания республикадағы инвестицияларын кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, Көкшетау қаласында ЖЭО салу жобасының болашағы зор. 

Ал еліміздің премьер-министрі Түркия республикасы Қазақстан үшін маңызды стратегиялық серіктес екенін, сондықтан үкімет өзара тиімді жаңа жобаларды іске асыруды қолдайтынын атап өтті. 

Бұл ретте Әлихан Смайылов Энергетика министрлігі Көкшетауда ЖЭО салу жобасы бойынша ашықтық пен бәсекелестік қағидаттарымен ашық тендер өткізетінін, оған барлық әлеуетті инвесторлар қатыса алатынын жеткізді.

Өз кезегінде Ченгель Азиз тендерге қатысуға дайын екенін мәлімдеді. 

Әзірленген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес, Көкшетаудағы жаңа ЖЭО-ның электр қуаты 240 МВт, жылу қуаты – 520 Гкал/сағ. Жобаны қаржыландыру тендерде жеңіп шыққан инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады деп күтілуде.

Үкіметтің ресми сайтында сондай-ақ "Гап Иншаат" компаниясы 1996 жылы құрылғаны хабарланған. Оның бас кеңсесі Стамбулда орналасқан. Компания түрлі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Қазіргі уақытта "Гап Иншаат" Түркия, Түрікменстан, Ирак, Катар, Сауд Арабиясы және т. б. елдерде ірі жобаларды жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006072-turik-kompaniyasy-koksetauda-zylu-elektr-stanciyasyn-saludy-zosparlauda/