Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 мың жалған АҚШ долларын елге кіргізген: ҚМА 3 адамды ұстады (видео)

Жарияланған күні:

АҚШ доллары
АҚШ доллары. Көрнекі фото: Pixabay.com

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті республика аумағына жалған шетел валютасын кіргізген қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды агенттік ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Түркия Республикасының астанасынан елімізге жалған шетел валютасын жеткізудің барлық тізбегі анықталған.

Нәтижесінде елімізге әкелінген 30 000 жалған АҚШ долларының 28 600-ы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленген.

Сондай-ақ аталмыш факті бойынша Қазақстан Республикасының 3 азаматы ұсталып, тергеу соты оларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Осы орайда, Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан азаматтарын, сондай-ақ ел қонақтарын ақша айырбастау операциялары кезінде қырағылық танытуға және оны банктердің мамандандырылған пункттері мен бөлімшелерінде ғана жүзеге асыруға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006229-30-myn-zalgan-aqs-dollaryn-elge-kirgizgen-qma-3-adamdy-ustady-video/