"Арнайы келдім": Тоқаев Рудный қаласының тұрғындарымен кездесті (фото, видео)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы жылу құбырының жарылуы салдарынан зардап шеккен Рудный қаласының тұрғындарымен кездесіп, қалыптасқан жағдайды талқылады, деп хабарлайды Ақорда ресми Telegram арнасында.
Президент қала тұрғындарымен кездесу барысында азаматтардың өміріне қауіп төндіруге болмайтынын мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Қостанай облысы мен қала әкімдіктері Рудныйдағы жағдайды жедел қалпына келтіруге тиіс.
"Құбырдың жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім. Жаңа ғана үкіметке, облыс пен қала әкімдеріне осы мәселемен айналысуды тапсырдым", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар мемлекет басшысы үкіметке Рудныйдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырғанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006249-toqaev-rudnyidagy-zagdaidy-zedel-qalpyna-keltirudi-tapsyrdy-foto-video/