Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қалалық білім бөлімінің қызметкері ұсталды

Жарияланған күні:

Күдікті әйел
Ұсталған күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте қалалық білім бөлімінің бас маманы ұсталды. Ол балабақша меңгерушілерінен пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды қалалық прокуратура Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, құпия ақпарат бойынша биыл 11 қаңтар күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Аталған факт бойынша Шымкент қаласы білім бөлімінің бас маманы күдікке ілінген.

Яғни, ол балабақша басшыларынан балабақшаларды тексеру бойынша оң шешім қабылдау үшін бірнеше рет 800 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр.

Күдіктіге қатысты үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасы таңдалған.

Шымкент қалалық прокуратурасы қазіргі уақытта бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығаратынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006316-symkentte-qalalyq-bilim-boliminin-qyzmetkeri-ustaldy/