Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай елінің тумасы 74 жасында ресми түрде Қазақстан азаматы атанды

Жарияланған күні:

Николай Трубников. Фото
Николай Трубников. Фото: Polisia.kz

74 жастағы Қытай елінің тумасы Николай Трубников ресми түрде Қазақстан азаматы атанды, деп хабарлайды ІІМ Polisia.kz ақпараттық медиа порталы.

Басылымның дерегінше, 74 жастағы Николай Трубников өмірінде алғаш рет Қазақстан Республикасы төлқұжатын алған.

Белгілі болғандай, қария Қытайдың Маньчжурия өңірінде дүниеге келген. 2016 жылдан бастап зейнеткер Көкшетаудағы әлеуметтік бейімделу орталығында тұрып жатыр және енді Қазақстан азаматы болып есептеледі.

Ведомство өкілдерінің дерегінше, ол Қазақстанға көшіп келгеннен кейін төлқұжат алған, алайда оны кейіннен жоғалтып алған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, азаматтықты анықтау үшін көші-қон қызметкерлері аянбай еңбек етеді. Олар адамның биографиялық жеке мәліметтерін тексеріп, оны дәлелдейтін құжаттарды жинайды, сондай-ақ түрлі өтінімдер жолдап, адам өмірінің әр кезеңіне қатысты, көптеген мұрағаттық анықтамаларды көтереді екен.

Жалпы 2022 жылы Ақмола облысы бойынша 87 114 адам өз құжаттарын алған, оның ішінде 23 мың адам - төлқұжат, 66,5 мың адам - жеке куәлік алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006884-qytai-elinin-tumasy-74-zasynda-resmi-turde-qazaqstan-azamaty-atandy/