Бұрқасын, тұман, жел: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынып, Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжауынша, 27 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Астана қаласында 27 қаңтарда бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.
27 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түсуі ықтимал.
27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді деп болжануда.
27 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
27 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
27 қаңтарда Абай облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.
27 қаңтарда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с жетуі мүмкін.
27 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын болаы деп болжануда. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006959-burqasyn-tuman-zel-qazaqstannyn-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/