Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмада Қазақстан мегаполистерінің бірінде жел күшейіп, қар жауады деп күтілуде

Жарияланған күні:

қар жауған сәт
Қар жауған сәт. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер 27 қаңтар, жұмада Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы күндіз -1...-3 градус аралығында болса, түнде -10...-12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Ел ордасы Астанада керісінше жел күшейіп, қар жаууы ықтимал. Желдің екпіні 9-14, кейде 15-20 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз -8...-10 градус, түнде -13...-15 градус аралығында болмақ.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз сынап бағанасы 2-4 градусқа дейін көтерілсе, түнде 8-10 градусқа дейін аяз күтіледі.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 27 қаңтарда еліміздің бірінше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылдық ескерту жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006971-zumada-qazaqstan-megapolisterinin-birinde-zel-kuseiip-qar-zauady-dep-kutilude/