Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда енді шетелдік нөмірлі көліктер техникалық тексеруден өте алады

Опубликовано:

көрнекі
Көлік жөндеу орталығы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Бүгіннен бастап Қазақстанда басқа мемлекетте тіркелген көліктер де техникалық байқаудан өте алады. Бұл туралы ИИДМ ресми Telegram-арнасында хабарланды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдерінің айтуынша, шетелдік нөмірлері бар көліктер 2023 жылдың 27 қаңтарынан бастап техникалық байқаудан өте алады.

"Шетелдік автокөлік құралдарының иелері немесе жүргізушілері 1815 техникалық тексеру орталықтың кез келгенінен міндетті техникалық байқаудан өте алады", – дейді ведомство өкілдері.

Бұл ретте министрліктің ресми сайтындағы "Құжаттар" бөлімінде мекенжайлары мен жұмыс кестелері көрсетілген аталған орталықтардың толық тізімі берілген.

Еске салайық, 2022 жылғы 30 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойған болатын.

Бұл құжат Қазақстандағы жол қозғалысы туралы заңға да өзгерістер енгізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007073-qazaqstanda-endi-seteldik-nomirli-kolikter-texnikalyq-tekseruden-ote-alady/