Өскеменде дәмхана маңында күзетшілер ер адамды соққыға жықты деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Өскемен көшелерінің бірінде ер адамды ұрды деген күдікпен күзетшілер ұсталды, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Өскемен қаласының 47 жастағы тұрғыны "102" жедел арнасына хабарласып, түнде дәмханалардың бірінің жанында күзетшілер оған дене жарақатын салғанын айтқан.
Осыдан кейін тәртіп сақшылары күдіктілерді іздеуге кірісті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күзетші-жүргізуші болып жұмыс істейтін 19 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады. Полицияның хабарлауынша, жауап алу кезінде олар өз кінәсін мойындаған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 252-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007799-oskemende-damxana-manynda-kuzetsiler-er-adamdy-soqqyga-zyqty-degen-kudikke-ilindi/