Алматыда "Южный" саябағы мемлекет меншігіне қайтарылды
Жарияланған күні:
Алматыда "Южный" саябағының жерін мемлекет меншігіне қайтару аяқталды, деп хабарлайды қала әкімдігі Telegram-арнасында.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кездесулерінің бірінде тұрғындар "Южный" саябағын қалаға қайтарып, абаттандыру туралы өтініш білдірген болатын.
Әкімдіктің хабарлауынша, былтыр 5 қазанда Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әкімдіктің жер телімін мемлекет қажеттілігіне қайтару жөніндегі талабы қанағаттандырылған.
Сарапшылардың қорытындысы бойынша өтемақы сомасы – 2 338 817 000 теңге.
"Былтыр 22 желтоқсанда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Ал биыл 13 қаңтарда өтемақы сомасы "Jusan Property" ЖШС иесіне аударылды", – делінген хабарламада.
Қазір "Южный" саябағын абаттандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін құжаттар дайындалып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007832-almatyda-yuznyi-sayabagy-memleket-mensigine-qaitaryldy/