Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік желіде діни мазмұндағы аудио жазбаларды сақтаған теміржол қызметкері айыппұл арқалады

Жарияланған күні:

ұялы телефон
Ұялы телефон. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде діни мазмұндағы материалдарды сақтаған теміржол ұйымының қызметкеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі ПД ЭҚІҚБ бастығы Ерлан Әлімовтың айтуынша, Көліктегі полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күн сайын интернет ресурстарына мониторинг жүргізеді.

Ондағы мақсат көлік инфрақұрылымы қызметкерлерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында діни мазмұндағы фото, видео материалдарды анықтау және олардың таралуына жол бермеу.

Ерлан Әлімовтың сөзінше, ВКонтакте әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе облысына қарасты теміржол ұйымдарының бірінің 30 жастағы қызметкерінен діни мазмұндағы аудио материалдар табылған.

Дінтану сараптамасының қорытындысына сәйкес, оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға болмайтыны белгілі болған.

Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 тг) мөлшерінде айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007836-aleumettik-zelide-dini-mazmundagy-audio-zazbalardy-saqtagan-temirzol-qyzmetkeri-aiyppul-arqalady/