Қызылорда облысында мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысты
Жарияланған күні:
Жұма, 3 ақпанда Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшті. Бұл туралы облыстық білім басқармасы Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.
Осылайша Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары бойынша 0-11 сыныптар аралығындағы оқушылар қашықтан оқытылуда.
Ал Жаңақорған мен Шиелі аудандарында оқушылар мектепке барып оқиды.
"Облыстық интернаттарда сабақ процесі қалыпты жағдайда жүргізіледі. Ал жеке мектептердегі оқу форматы мектеп құрылтайшыларының шешіміне сәйкес іске асырылады", - делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.
"Қазгидромет" РМК ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, бүгін Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, сондай-ақ облыс орталығында тұман мен көктайғаққа байланысты дауылдық ескерту жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007881-qyzylorda-oblysynda-mektep-oqusylary-qasyqtan-oqytyluda/