Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Махамбет Абжанға сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

Махамбет Абжан
Махамбет Абжан. Фото: facebook.com/mahambet2017

Бүгін, 3 ақпанда елордалық сот Махамбет Абжанды кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Махамбет Абжанға қатысты іс бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған.

"Махамбет Абжан Қылмыстық кодекстің 274-бабының 3-бөлігінде және 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылсын.

(...) Қылмыстардың жиынтығы бойынша жеңілірек жаза неғұрлым қатаң жазаға ауыстырылып, Абжанға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", – дейді үкімді оқыған судья Айжан Құлбаева.

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Еске салайық, журналист Махамбет Абжан былтыр шілде айында кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007973-bloger-maxambet-abzan-9-zylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/