БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы басты күрескер тағайындалды
Жарияланған күні:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды. Басшылыққа Әділхан Сабуров келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
3 ақпан күні облыс активі әкімдікке жиналды. Мұнда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің БҚО бойынша департаментінің жаңа басшысы таныстырылды. Ол – Әділхан Сабуров болды.
Бұл қызметте ол 2022 жылдың наурыз айынан бері қызмет етіп келе жатқан Нұрлан Қыдырбаевты ауыстырды.
Әділхан Сабуров 1983 жылы 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында туған.
Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Алматы заң академиясында "Құқықтану" мамандығын бітірген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша академиялық дәреже берілген.
2005 – 2018 жылдар аралығында прокуратура органдарында түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2018 – 2019 жылдары Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті Тергеу басқармасының басшысы.
2019 – 2022 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.
2023 жылғы тамыздан ақпанға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы.
2023 жылғы 3 ақпаннан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008044-bqo-da-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-basty-kuresker-tagaiyndaldy/