Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны: қазір Алматы мен Жамбыл облыстарындағы ахуал қандай

Жарияланған күні:

Су тасқыны
Көрнекі фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы және Жамбыл облыстарында су тасуына қатысты соңғы ақпаратты ұсынды. Бұл туралы ведомство Telegram арнасында хабарлады.

"Өткен түні Алматы және Жамбыл облыстарының ТЖМ бөлімшелері мен әкімдіктердің қызметтерінен 200 адам мен 45 техника бес елдімекенді су басудың алдын алды.

Қардың күрт еруі нәтижесінде егістіктерден ағып келген еріген қар суын бұру бойынша жедел жұмыс жүргізілді. Алдында су басқан аула аумақтарындағы суды жою жалғастырылды", - делінген хабарлмада.

Ведомствоның мәліметінше, бір түнде жүргізілген су бұру каналдарының жалпы ұзындығы 18 мың метр, елді мекендерге жақын жердегі сорылған су 16 мыңнан астам текше метрді құрайды.

Ал Түркістан облысында барлық су басу қаупі жойылған. Сондай-ақ Сырдария, Арыс және Бөген өзендеріндегі тәулік бойы жұмыс істейтін 14 су бекетінің жұмысы жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008074-su-tasqyny-qazir-almaty-men-zambyl-oblystaryndagy-axual-qandai/