Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның кейбір өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін

Жарияланған күні:

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 6 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, Қазақстанның 3 өңірінде дауылдық ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, 6 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде тау асуларында күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Шымкент қаласында 6 ақпанда түнде тұман түсуі мүмкін.

6 ақпанда Қызылорда облысының орталығында тұман түседі деп болжануда.

6 ақпанда Қарағанды облысының оңтүстігінде бұрқасын болып, тұман түседі, сондай-ақ көктайғақ болады деп күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008102-qazaqstannyn-keibir-onirinde-tuman-tusip-koktaigaq-boluy-mumkin/