28 градус аяз, көктайғақ: Алдағы күндері елде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ресми сайтында Қазақстан бойынша 7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігіне Жерорта теңізі аудандарынан циклон әсер етеді. Нәтижесінде бұрқасын болып, қар жауады.
9 ақпанда шығыста қалың қар түседі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.
Елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, ал оңтүстікте, оңтүстік-батыста көктайғақ болуы ықтимал.
Сонымен қатар метеорологтар сынап бағанасы түнде батыста және шығыста -13...-21 градусқа дейін, солтүстікте -20...-28 градусқа дейін, орталықта -15...-26 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр.
Ал күндіз батыста -7...-12 градусқа дейін, солтүстікте -15...-20 градусқа дейін, шығыста және орталықта -10...-18 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008217-28-gradus-ayaz-koktaigaq-aldagy-kunderi-elde-aua-raiy-qandai-bolady/