Алматыдан 375 шақырым жерде жер сілкінді
Жарияланған күні:
Сейсенбі, 7 ақпан күні таңертең Алматыдан 375 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы ЖШС ресми сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы (СТӘЭ) сейсмикалық стансалар желісі сейсенбі, 7 ақпан күні Алматы уақытымен таңғы 8 сағат 46 мин 17 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты — 11.2.
MPV магнитудасы — 4,7. Тереңдігі — 15 шақырым.
MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ.
Айта кетейік, кеше, 6 ақпан күні Шымкент қаласында 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008335-almatydan-375-saqyrym-zerde-zer-silkindi/