Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде дәріс оқиды
Жарияланған күні:
Сейсенбі, 7 ақпаннан бастап бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде дәріс оқитын болды, деп хабарлайды аталған университеттің ресми сайты.
Оқу ордасының мәліметінше, енді бүгінгі күннен бастап Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде дәріс оқитын болады.
"Түрлі ұсыныс бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын", – дейді Асхат Аймағамбетов.
Айта кетсек, Асхат Аймағамбетов 2019–2022 жылдары Білім және ғылым министрі лауазымында болды, ал 2022-2023 жылдары Оқу-ағарту министрі болып қызмет етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008389-aimagambetov-mnarikbaev-atyndagy-kazgyuu-universitetinde-daris-oqidy/