Шекарадан жасырынуға арналған костюм киіп алған шетел азаматтары ұсталды
Жарияланған күні:
4 ақпанда Ақтөбе облысында ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деген күдікпен төрт шетел азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі ресми сайтында хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, ұсталған адамдар қаңтар айында Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатымен Ресей Федерациясына өтуді жоспарлаған.
Алайда Ресейге кіруге шектеулері болғандықтан, олар түнгі уақытта жасырынуға арналған костюмдерді киіп, өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген.
Шекара қызметі аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008710-sekaradan-zasyrynuga-arnalgan-kostyum-kiip-algan-setel-azamattary-ustaldy/