Қызылорда облысында балгер жәбірленушінің алтын браслеті мен ақшасын алды деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Қызылорда облысында балгер жәбірленушінің "болашағын болжап бермек" болып, алтын браслеті мен ақшасын алды деген күдікке ілінді. Екі жүз мың теңге шығын келтірген 54 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция мәліметінше, күдікті алған алтын бұйымды ломбардқа өткізіп, ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген.
Ведомства мәліметінше, қазір қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008794-qyzylorda-oblysynda-balger-zabirlenusinin-altyn-brasleti-men-aqsasyn-aldy-degen-kudikke-ilindi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.