Алдағы күндері Қазақстанның бір өңірінде күн райы 8 градусқа дейін жылынуы мүмкін
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 11-13 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан бойынша күн райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, қар жауып, жел секундына 15-23 метрге дейін күшеюі мүмкін.
11 ақпанда Түркістан облысында, 11-12 ақпанда Жамбыл облысында жел 30 м/с дейін күшеюі ықтимал. Ал солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста бұрқасын болады деп күтілуде. Жалпы, республика бойынша тұман, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болуы мүмкін.
Сонымен бірге метеорологтар шығыста түнде ауа температурасы -17...-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста -10...-25 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр.
Одан бөлек, республиканың оңтүстігінде ауа температурасы күндіз -5...+2 градустан +3...+8 градусқа дейін жоғарылауы ықтимал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008916-aldagy-kunderi-qazaqstannyn-bir-onirinde-kun-raiy-8-gradusqa-deiin-zylynuy-mumkin/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.