Оралда құбыр шахтасынан ер адамның денесі табылды
Жарияланған күні:
Орал қаласында құбыр шахтасынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің сөзінше, оқиға 11 ақпан күні болған.
"Сағат 10.16-да "Нан зауыты" аялдамасының артқы жағында жылу құбырының шахтасынан 1978 жылғы ер адамның мүрдесі шығарылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Марқұм соңғы кезде қаңғыбастыққа салынған. Сараптама тағайындалды, нәтижесіне сәйкес қаралады", - деді Нұрғожин.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009032-oralda-qubyr-saxtasynan-er-adamnyn-denesi-tabyldy/