Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде күн 7 градусқа дейін жылынады
Жарияланған күні:
Дүйсенбі, 13 ақпанда Астана мен Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз болмақ, ал Шымкент тұрғындарын жаңбыр күтеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.
Синоптиктердің хабарлауынша, Алматыда бүгін жауын-шашын болмайды, күндіз термометр бағаны 0-ден + 2 градусқа дейін көтеріледі. Ал түнде -6 градустан -8 градусқа дейін суытады. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы секундына 0-5 метрге жетуі мүмкін.
Сондай-ақ бүгін Астанада жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, күндіз елордада -10...-12 градус суық болады деп болжануда, ал түнде -18...-20 градус аяз болуы ықтимал. Шаһарда жел күшейіп, секундына 3-8 метрге дейін жетеді.
Шымкентте синоптиктердің ақпаратынша, жаңбыр жауып, күн жылы болмақ. Күндіз өңірде сынап бағанасы +5...+7 градусқа дейін жоғарылайды. Ал түнде түнде 0 градустан -2 градусқа дейін суытады. Сондай-ақ қалада 3-8 м/с дейін жел күшейеді деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009083-bugin-qazaqstan-megapolisterinin-birinde-kun-7-gradusqa-deiin-zylynady/