Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кабинетінен шыққысы келмейді": Сапарбаев қазіргі жас басшыларға не жетпейтінін ашып айтты

Жарияланған күні:

Бердібек Сапарбаев сұхбат беруде
Бердібек Сапарбаев. Скриншот: "Хабар" арнасы

Бердібек Сапарбаев басшылық қызметті абыроймен атқару үшін не істеу керектігін айтты. Бұл туралы "Хабар" арнасындағы "Сапарбаев" деректі фильмінде мәлім болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еліміздің бірнеше облысында әкім болып, министр, премьер-министрдің орынбасары міндеттерін абыроймен атқарған Бердібек Сапарбаев қазіргі басшыларға не жетпейтінін де жасырмай айтты.

"Әрбір басшының арманы, міндеті - артында із қалдыру. Ертең сол өңірге ұялмай, басыңды жерге қаратпай келуің керек. Бұл - сенің ең негізгі тапқан бақытың. Жас басшыларға жетпей жатқаны сол. Көбісі өзіне жауапкершілік ала алмайды. Жауапкершілік алуың керек, содан соң оған жауап беруге тиіссің.

Екінші мәселе - бақылау. Тапсырма берілді ме, оның орындалуын бақылау қажет. Өз көзіңмен көріп, өзің барып, қолыңмен ұстауың керек. Халықтың айтқанын өз құлағыңмен тыңдауың керек. Қазіргі басшыларға жетіспейтіні сол. Көбінесе телефонмен жұмыс істейді, кабинетінен шыққысы келмейді. Негізгі бақытың - жұмысыңның нәтижесі", - деді Сапарбаев.

Сондай-ақ Бердібек Машбекұлы көшеде болған оқиғалардың бірін еске алды.

"Бірде светофордан өтейін деп тұрсам, бір келіншек: "Сіз бұрынғы еңбек министріне қатты ұқсайды екенсіз", деді. "Егер сол болсам не істер едіңіз?", десем: "Ол кісі біздің Ақтөбеде әкім болған. Осындай жұмыстар атқарған", - деп, рахметін айтып жатыр. Міне, сол керек... Мұндай құрмет алу үшін сен халыққа жақын болуың керек", - деді бұрынғы министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009153-kabinetinen-syqqysy-kelmeidi-saparbaev-qazirgi-zas-bassylarga-ne-zetpeitinin-asyp-aitty/