Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, жаңбыр, көктайғақ: Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

жол
Тас жол. Көрнекі фото: Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша алдағы үш күнге, яғни 14-16 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар елдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, көктайғақ болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сиоптиктер атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжитынын айтты. Соның нәтижесінде апта басында күн райы бұлтты болмақ. Қар жауып, бұрқасын күтіледі. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады және көктайғақ болуы мүмкін.

16 ақпанда Түркістан және Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі ықтимал. Тек республиканың солтүстігінде жоғары қысым аймағы әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болжанады.

Сонымен қатар синоптиктер батыста және оңтүстікте жел күшейеді деп болжап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздегі мегаполистердің бірінде күн 7 градусқа дейін жылынатыны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009154-qar-zanbyr-koktaigaq-aldagy-us-kunde-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/